ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті

501
көрілім

Одан бөлек 9 адам құтқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Брифинг барысында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков облыста жазғы кезең басталғалы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан алты адам суға кеткенін айтты. Қалған тоғыз адам аман қалған, оның ішінде біреуі бала.

Сондай-ақ брифингте өңір аумағында орналасқан 49 демалыс орны бар екені айтылды. Барлық база бойынша аумақтарын тазалау және тексеріс жұмыстары жүргізілді. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өзара ынтымақтастық меморандумдар қабылданды.

Сонымен қатар облыста бес коммуналдық жағажай құрылып, тексеріс жұмыстары жүргізілді. Ал жағалаудағы жеке демалыс орындарында қауіпсіздік шараларының жоқтығы мәселе тудырып отыр. Демалыс орындарының иелері тексеріс жүргізіп, қауіпсіздік шараларын сақтауға салғырт қарайды. Тіпті кейбір демалыс орындары нақты иелерінің атына мүлде тіркелмеген.