ШҚО-да соңғы тоғыз айда аса ауыр қылмыс санатындағы 13 іс қаралды

359
көрілім

Ағымдағы жылы сот қаралуына келіп түскен қылмыстық істердің санының азаюы байқалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2019 жылы барлығы 45 іс түскен. Оның ішінде 49 тұлғаға қатысты 38 іс қаралды. Бұл былтырғыға қарағанда 21 іске аз.

– Бүгінгі таңда үкім шығару бойынша 27 іс болды. Бұл жалпы келіп түскен істердің санының аздығымен байланысты. Өйткені өткен жылғы көрсеткіш 44-ті құраған. Медиаторлардың араласуымен 3 қылмыстық іс шешімін тапты, – дейді ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Анна Жумагулова.

Заң орындары қызметкерлерінің айтуынша, ауыр қылмыс санатында 13 іс, жеңіл қылмыс санатында 11 және ауырлығы орташа санатта 13 қылмыстық іс қаралған.