Бұл туралы сәуір айының 12-сі күні облыстық прокуратурада өткен жиында айтылды. Шарада өңір әкімдігі, бақылаушы мемлекеттік органдардың және тау-кен өндіру кәсіпорындары өкілдері де аталған мәселені талқыға салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс аумағында барлығы 16 тау-кен металлургиялық кәсіпорын орналасқан. Оның 11-де соңғы 4 жыл ішінде 182 жарақат алу фактісі тіркеліп, төртеуі мүгедектік алумен, 15-і өлім-жітіммен аяқталды.
Жағдайды реттеу мақсатында облыс прокуратурасы қадағалау қызметін ұйымдастыруға жобалық басқару әдістерін енгізді.
- Атап айтқанда, Бас прокуратураның қолдауымен осы жылдың басынан облыс прокуратурасы мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жасаумен «Өндірістегі қауіпсіздік» жобасын іске асыруды бастады. Оның мақсаты - қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауды арттыру және өндірістік жарақат алу фактілерін азайту, - делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.
Осы жылдың басынан зардап шеккендердің жалпы санының 36%-ы, 32-ден 24 жағдайға дейін, оның ішінде тау-кен металлургия саласының кәсіпорындарында 67-%ға, яғни 15-тен 5-ке дейін төмендеуі байқалады.
Бұл ретте облыс прокуроры Алмат Байшолақов тау-кен өндіру кәсіпорындарының басшылығы мен өкілдерін жоба шеңберінде одан әрі бірлесіп, оны шешу кезінде туындаған мәселелерден хабардар етуге шақырды.
Одан бөлек, бақылау-қадағалау органдарына қаралып отырған жобаны іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Өз кезегінде, кәсіпорындар өндірістік процесті бақылауды автоматтандыру, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтты.
«Казцинк» ЖШС-нің мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпорындағы өндірістің жай-күйіне бейнемониторингке тарту жөніндегі бастамасы да атап өтілді.