ШҚО-да соңғы үш жылда 23 адам өзіне қол жұмсаған

120
көрілім

Бұл туралы Өскеменде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық прокуратура ғимаратында өткізілген отырыс барысында алдымен ресми мәліметтер ұсынылды. Соған сүйенсек, еліміз жасөспірімдердің суицидке бару көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда тұр.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау және ООН Unicef Балалар қоры мәліметі осындай. Жалпы, облыс көлеміндегі көрсеткіш те көңіл көншітпейді. Айталық, өңір бойынша соңғы үш жылда 23 адам өз-өзіне қол салған, ал 123 адам суицид жасауға әрекеттенген. Бұлардың көбі жасөспірімдер, - деді ШҚО прокуроры Алмат Байшолақов.
Бұдан бөлек, жауапты тұлға 2014 жылы еліміз жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу статистикасы бойынша 2-ші, 2019 жылы 3-ші орында болғанын айтты.