ШҚО-да сот шешімімен ата-ана құқығынан айыру жағдайлары көбейген

462
көрілім

Сараптама көрсеткендей, қаралған азаматтық істердің қатарындағы ең көбі аталған санат бойынша, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Анна Жумагулованың айтуынша, ағымдағы жылы 158 іс қаралды. Сондай-ақ мекенжайын анықтау бойынша өткен жылы 34 іс болса, биыл оның саны 61-ге жеткен. Соңғы тоғыз айда 393 азаматтық іс қаралып, 241 іс сот үкімімен шешілді.

2019 жылдың соңғы тоғыз айында ең көп қаралған азаматтық істер:

- Ата-ана құқығынан айыру-142;

- Балаларды мекенжайы бойынша анықтау-61;

- Алимент көлемін төмендету-57;

- Асырап алу-37;

- Әкелігін анықтау және алимент өндіру жайында-27;

- Арнайы мектепке жіберу-23;

- Баламен қарым-қатынас жасаудың тәртібі туралы-21;

- Ата-ана құқығын шектеу-15;

- Әкелігін анықтау-5;

- Ата-ана құқығын қалпына келтіру-3;

- Асырап алуды кері қайтару туралы-1

Данияр ЗАЙНЕЛОВ