ШҚО-да сотталған 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған

338
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс прокуратурасында өткен жиында істі болғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазір осы жағы облыс бойынша күн тәртібінде тұр. ШҚО прокурорының орынбасары Ерлан Андабаев кіріспе сөз алып, қазір өңір бойынша алты түзеу мекемесі барын, онда 2700 адам жазасын өтеп жатқандығын айтты. Жұмысқа ниеттілері түрлі құрылыс материалдарын шығарады. Оның ішінде:
Шлакоблок;
Газоблок;
Құмблок;
Пластик терезелер;
Есіктер;
Корпустық және жұмсақ жиһаз;
Ағаштан жасалған бұйымдар және басқалары.
Ерлан Ахметсапаұлының айтуынша, республика бойынша Шығыс Қазақстан өңірінде түзеу мекемесі ең көп.
– Сотталғандарды жұмыспен қамту біз үшін өзекті. Қазіргі уақытта облыс аумағындағы колонияларда «Еңбек» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны мен 65 жеке кәсіпкер бар. Олар 1961 сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Осы ретте, Семейдегі түзеу мекемесінде аумағы 8000 шаршы метрден астам аумақты алатын бос ғимарат бар. Ол жерде жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік мол, – деді ол. – Семей колониясында жұмысқа құлшыныс білдіргендер көп. Үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу арқылы, біршама адамды еңбекпен қамтуға болады.