ШҚО-да сотталған тыл ардагерлеріне арнап ағаштан қол таяқтар жасады

685
көрілім

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жеңіс күні қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Олардың ішінде жастары 85-ке келген ерлі-зайыпты Абылкасимовтар. Бұл тыл ардагерлерінің өмірі мен еңбек жолдары жастарға әрқашан үлгі. Қызметкерлер қос ардагерге ерекше сыйлық жасады. Бұл сыйлық ағаш шебері-сотталғанның өз қолымен ағаштан ойып жасаған-қол таяқтар еді. Шебер таяқтарды ардагерлердің бойларына сәйкестендіріп, жеке дара етіп және арнайы ұштарымен дайындаған. Ерлі-зайыптылар сыйлыққа қатты риза болды.

Сонымен қатар, қызметкерлер Рымкеш Мукушевна Абылкасимова мен Химиш Кожахметович Абылкасимов сыйлықтарын беріп құттықтап шықты. Бүгін олар ҚАЖ қызметкерлеріне балалық шақтарында Ворошилов атындағы колхоздың егіс алқабында аналарына көкеніс жинауға қалай көмектескенін айтып берді.

«Бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен майданға аттанған ерлердің орнын басқан әйелдер, қарттар мен балалар күніне 15 сағатқа жуық еңбек етті. Колхозда бәрі бір жанұядай жұмыс істейтін. Жиған терген ас бір түйіріне дейін, майданға жіберілетін. Ол кездер өте қиын еді, әйелдердің үнемі кешке жылайтыны есімде....», - деп есіне алды Химиш Қожахметвич.

Айта кетейік, Рымкеш Мұқышқызы Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, жоғары кәсіби білім беру реформасына, кадрлық әлеуметті нығайтуға, және халыққа білім беру және емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, Семей облысының әлеуметтік мәселелерін шешу жолына зор үлесін қосты. Бірнеше рет қалалық, облыстық кеңестерге депутат болып сайланды. Оның «КСРО Жоғары мектебі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, Бүкілодақтық «Білім» қоғамының грамотасы және тағы көптеген мадақтамалары бар.

Рымкеш Мұқышқызы зіне арнайы жасалған сыйлық үшін алғысын білдіріп, өзінің жұмысты қатты сағынғанын айтты.