ШҚО-да суицид фактісі көп тіркелген қалалар мен аудандар аталды

279
көрілім
Шартты фотосурет

Мұны облыс орталығында өткен жиын кезінде ШҚО Прокурорының орынбасары Азамат Тлешев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құзырлы мекеме өкілдері алдымен жекелей аудандарға тоқталуды жөн көрмеді. Айтуларынша, мұның өзі сол өңірдің тұрғындары үшін жағымсыз мәлімет әрі бөліп-жарып айту жастар санасының бұрыс бағытқа өзгеруіне себепші болуы мүмкін. Айта кетерлік жайт, жауапты тұлға Абай облысының құрамындағы Семей мен бірнеше ауданды қамтыды. Анығы сол, өзіне қол жұмсау әрекеттері Семей өңірінде өршіп тұр.
- Облыста соңғы жылдары мұндай көрсеткіштің азаюы байқалады. Десе көрсеткіш әлі қуанарлықтай емес. Айталық, кәмелеттік жасқа толмағандардың суицидке бару қадамдары Семей қаласы мен Көкпекті ауданында тіркелсе, Аягөз, Шемонаиха, Бесқарағай аудандары мен Өскемен, Риддер қалаларында осы әрекетке бару фактілері анықталды, - деді жауапты тұлға.