ШҚО-да сыбайлас жемқорлық қылмысы жиі тіркелетін салалар аталды

368
көрілім

Облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышев жемқорлық белең алып жатқан бірнеше салаларға тоқталды, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға қазір аймақ көлемінде парақорлықтың алдын алуда жүйелі жұмыстар қолға алынып жатқанымен жағымсыз жайттардың да жоқ еместігін алға тартты.

- Осыған дейін құзырлы органдар жемқорлық қылмысы үшін бекітілген жаза түрлерін айтқан еді. Дегенмен жағдай оңалды деуге ауыз бармайды. Қазір білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау салалары, оның ішінде полиция қызметкерлері жемқорлыққа жиі жол беруде. Тиісті бақылауларды осы салаларда күшейту қажет, - дейді Олег Чернышев.

Нұрбек АСҚАРОВ