ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазылған үздік эссе авторлары анықталды

486
көрілім

Облыс көлемінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қазан айының алғашқы онкүндігінде мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік эссе, әңгіме, өлең байқауы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байқауға қала, аудан мектептерінің оқушылар қатысты.

Мектеп оқушыларының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» көзқарасын қалыптастыруға, санасын таза, қоғамға адал қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық – ең асыл қасиет» тақырыбындағы облыстық байқауға 20-дан астам ең үздік жұмыстар келіп түсті.

Ойының ұшқырлығы және жұмысының мазмұндылығымен озып шығып, жүлделі 1 орынды Алтай қаласы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Дильназ Каблашимова иеленді.

 - «Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, жомарт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Адалдық – менің өмірлік ұстанымдарымның бірі. «Адалдық» менің санамда күндіз сәулесін молынан шашқан жарық күн, ал түнде адаспас үшін аспаннан жымыңдап жол көрсетіп тұрған «Темірқазық» шоқ жұлдызы» болып мәңгі жатталып қалары сөзсіз», - деген Дильназ өзінің өмірлік ұстанымын айқын көрсетті.

2-орынды Курчатов қаласы №3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Маргарита Мальцева, 3-орын Үржар ауданы Абылай хан атындағы орта мектеп-бала бақшасының 11 сынып оқушысы Сая Акпековаға бұйырды.

  - Барлық жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, болашақта сәттілік тілейміз. Байқауға қатысушылардың адалдық сөзіне берген ұтымды ойлары мен пікірлері саналы ұрпақтың өсіп келе жатқанының бірден бір дәлелі, - делінген мәліметте.