ШҚО-да сыбайлас жемқорлықтың зардабы әдебиет арқылы түсіндірілді

413
көрілім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің қызметкері Мейіргүл Сахариева «Парасатты жол» жобасы аясында жас оқырмандармен О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханада кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында кітапхананың әдістемелік бөлім меңгерушісі Ирина Каланчина орыс классиктері шығармаларынан мысал келтіре отырып сыбайлас жемқорлық түсінігін ашып берді.


– Барлығымызға белгілі Н.В.Гогольдің «Ревизор» шығармасында жымқыру, ұрлау туралы кеңінен сипаттап жазылған. Яғни бұдан бұрынырақта «сыбайлас жемқорлық» сөзінің қолданыста болмағанына қарамастан оның көріністері адамзаттың даму кезеңінің қай кезінде болмасын орын алған, - деді ол.    


Осы орайда ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Мейіргүл Сахариева кездесуге қатысушыларға парасаттылық ұғымын түсіндіріп, «Парасатты жол» орталығы туралы жан-жақты баяндап берді. Адалдық, әділдік және сатылмаушылық сияқты қасиеттерді дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.