ШҚО-да сынап бағанасы 32 градустан төмен көрсетті

374
көрілім
Шартты фотосурет

Ең төменгі ауа температурасы Глубокое және Бородулиха аудандарында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдай департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, ақпан айының 12-сі күні таңертең Глубокое және Бородулиха аудандарында сынап бағанасы 32 градус Цельсийден төмен түскен. Одан кейін ауа температурасы бойынша Алтай, Көкпекті және Жарма аудандарында 30 градусқа дейін төмендеді.

Өскеменде сынап бағанасы 28 градусты көрсетті.

Айта кетейік, аяздың күшеюі мектептеде төменгі сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылуына себепші болды.