ШҚО-да талантты ұстаздардың жалақысы көтеріледі

1385
көрілім
Фотосурет ngs24.ru.
Оқушылары жоғары көрсеткішке ие болған педагогтар қазынадан арнайы бөлінетін қаржыға ие болмақ.

Талантты мұғалімдерді қазына есебінен көтермелеу облыс әкімі Даниал Ахметовтың өкімі бойынша іске асырылады.

Сыйақының ең жоғарғы көлемі 800 мың теңгені құрайтын болады, – дейді облыстық Білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров. – Аталмыш сома мұғалімге бірден табысталмай жыл бойына бөлінеді, яғни ұстаздың жалақысы оқу жылының 10 айында ай сайын аталмыш сыйақы есебінен үстемеленіп отырады.