ШҚО-да тасжолда көлік қағып кеткен бұланның төлі хайуанаттар бағына жеткізілді

329
көрілім

Өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қағып кеткен бұланның төлі хайуанаттар бағына жеткізілді, деп хабарлайды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО «Семей әуесқой автомобильшілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, бұланның төлі Өмеш асуынан табылған. Ол тасжолдың бойында жүгіріп жүріпті. Анықталғандай, оның анасын көлік қағып кеткен екен. Түз тағысы қазіргі уақытта сол жағалаудағы хайуанаттар бағына жеткізілген.

– Жабайы аңды хайуанаттар бағына кіргізу үшін бірқатар қиындық болғаны рас. Бірақ ең бастысы қазір ол аман-есен, ал қалғаны осындағы қызметкерлерге байланысты. Бұланның төлін табылған жеріне байланысты Өмеш деп атауды жөн көрдік, - дейді қоғамдық бірлестік мүшелері.