ШҚО-да тауарларды жеткізіп берген кәсіпкердің төлемі негізсіз кешіктірілген

395
көрілім

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шағымда кәсіпкер жеткізіп берген тауарлары үшін аталған коммуналдық мекеме 2022 жылдың тамыз айынан бері негізсіз себептермен ақшасын төлемей жүргендігін көрсеткен.

Тауарды жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған, бұл екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталады.

Кәсіпкер осы уақытқа дейін бұл мәселені реттеу үшін қажетті шараларды қабылдаса да, шарттық міндеттемелер бойынша төлем жүргізілмеген.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласып, мәселе талқыланған соң «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесі кәсіпкер алдындағы қарызды толық төледі.