ШҚО-да темір тұлпарды ішіп алып жүргізген ер адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

6222
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, біреудің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған Аягөз қаласының 51 жастағы тұрғыны заңсыз әрекеттерді жасаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аягөз қаласында пробация қызметінде бас бостандығынан шектеу, шартты мерзімге, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, белгілі бір лауазымға орналасуға тыйым салу немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу түріндегі жаза түрлеріне сотталғандар есепте тұр.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, пробация қызметі қызметкерлері істі болғандардың мінез-құлқы мен соттың оларға жүктелген міндеттерін орындауын бақылау заңға сәйкес жүзеге асырылады.

- Пробация қызметі жұмысындағы басты мақсат - сотталушыға қылмыс жасамай, заң аясында абыроймен өмір сүре алатындығын көрсету және дәлелдеу. Алайда, түзеу жолына түскісі келмейтін сотталушылар да кездеседі, - дейді пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ермек Қалиев.

Осылайша, бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған Аягөз қаласының 51 жастағы тұрғыны заңсыз әрекеттерді жасаған.

Аягөз ауданының тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай дер кезінде қолға түсірген. Белгілі болғандай, ер адамның теміржол станциясында орналасқан сауда дүңгіршігінен алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін үптеп кеткені анықталды. Жәбірленушіге 72000 теңгеден жоғары шығын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеп, жасаған қылмысына толықтай өкінді.

- Аягөз аудандық сотының шешімімен ер адам 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Қазіргі уақытта ол пробация қызметінде есепте тұр және оны жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылуда, - деп қосты Ермек Қалиев.

Айта кету керек, Аягөз ауданының пробация қызметінде 119 сотталған тіркелсе, оның ішінде есепте тұрғандардың 20% -ы бірнеше рет істі болғандар.