ШҚО-да теріс діни ағымдардың жетегіне кеткендердің саны 7%-ға азайған

30
көрілім

Өңірімізде деструктивті діни ағымдардың құрсауына түскендер жоқ емес. Десе де ШҚО Дін істері басқармасының түсіндіру және оңалту жұмыстарының нәтижесінде олардың саны біршама азаюда.

Бұл жайлы бүгін ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдуллин мәлімдеді.

– Жат діннің жетегінде кеткендердің саны жылдан-жылға төмендеуде. Нақты айтсақ, 2018 жылы 20%-ға, биылғы жылы 7%-ға азайған. Деструктивті ағымдардың құрбаны болғандар негізінен Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Жарма, Зайсан аудандарында жиі тіркелді, – дейді Ануар Әлмырзаұлы.

Оның айтуынша, облыста 20 ақпараттық-түсіндіру топтары (1 облыстық, 4 қалалық, 15 аудандық) жұмыс істейді. Олардың құрамында 165 адам қызмет етеді.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ