ШҚО-да Тәуелсіздік Күніне орай мерекелік жеңілдіктер жасалады

326
көрілім

ҚР Тәуелсіздік Күніне байланысты Өскемен және Семей қалаларының кәсіпкерлері «Біздің жетістіктер — біздің елімізге» атты мерекелік жеңілдіктер Акциясын бастады.

Акция 11 желтоқсаннан 20 желтоқсанға дейінгі аралықта өткізіледі. Акцияға қосылған фирмаларды сіздер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жеңілдіктер! Скидки ко Дню Независимости Республики Казахстан!»деген жеңілдік пайыздары көрсетілген тақташадан біле аласыздар. Тақташалар шағын және орта бизнеес субъектілерінің сөрелерінде, витриналарында және есіктерінде орнатылады.

Кәсіпкер Арман Төлеуханов:

— Мен өз бутигімді 2 жыл бұрын аштым. Бүгін біз Тәуелсіздік күніне орай акция өткізіп,костюмдар мен жейделерге 10-20 желтоқсан аралығында -30%-ға дейін жеңілдік береміз. Біздің ассортиментте ерлер костюмдерінің үлкен таңдауы бар, жастарға да, егде жастағы ерлерге де арналған үлгілерді ұсына аламыз, — дейді.

Жас бизнесмендер барлық кәсіпкерлерді аталмыш акцияны қолдауға және қалалықтарға мереке күндерінде жеңілдік беруге шақырады.