ШҚО-да Төтенше жағдайлар қызметі дабыл жүйесіне тексеріс жүргізеді

296
көрілім

Ертең Өскемен қаласы мен облыстың басқа да аймақтарында тексеру-жаттығу бойынша электр дабылдары іске қосылады. Сондықтан ТЖ басқармасы барлық тұрғындардың сабыр сақтауын сұрайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


- 11 маусым күні сағат 9.00-де электр дабылдарын қосу арқылы хабар беру мен телерадио арналардың қабылдауы бойынша тексеріс жоспарланған, - деп хабарлайды Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.


Электр дабылын сол сәтте 104,0 жиілігіндегі Қазақ радиосынан немесе жергілікті телеарналарды қосу арқылы тыңдауға болады.