ШҚО-да тұман күтіледі

329
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін ел бойынша екпінді жел, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады. ШҚО-ның кей аудандарында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Алматы қаласында: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады.