ШҚО-да тұман түседі

283
көрілім

Синоптиктер 30 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.