ШҚО-да тұман түседі

498
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика аумағының басым бөлігіне әлі де солтүстік антициклон жотасы ықпал етеді. Ауа-райы ашық болады. Тек елдің батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Манғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Бұдан бөлек, түнде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.