ШҚО-да тұман түседі

372
көрілім
Шартты фотосурет

Республика территориясы Салехард ауданынан келетін антициклон ықпалында болып, бірқатар өңірлерде жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрмоетке сілтеме жасап.

Мамандар болжамынша, еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізуінен батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар оңтүстік-батыста фронттардың өтуіне байланысты түнде және таңертең кей жерлерде қар жауады.

ШҚО-ның кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, боран соғады.