ШҚО-да тұман түседі

301
көрілім

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сүйенсек, еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сол себепті республика аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз. Тек солтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

ШҚО-ның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.