ШҚО-да тұман түседі

335
көрілім

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тек еліміздің батысы, солтүстігі және шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болып, бірқатар аймақта қар аралас жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метр жылдамдықпен ұйтқиды, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.