ШҚО-да тұман түседі

309
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы болып, еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.

Мамандар ШҚО-ның кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі деп болжауда.