ШҚО-да тұман түседі

316
көрілім
Шартты фотосурет

Фронтальды бөліктердің ықпалына байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Соған сәйкес еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады, тек еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде күн райы ашық болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Таулы аудандарда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.