ШҚО-да тұман түседі

215
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғып, оңтүстік өңірлерде-найзағай, бұршақ жаууы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғуы күтіледі, желдің күші 17-22 м/с-қа жетуі ықтимал.
Күндіз Қарғанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде-жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.