ШҚО-да тұман түседі

301
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым аумағында құбылмалы күн райы сақталып, найзағай, жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, тұман түсіп, желдің екпіні 23-28 м/с артады деп болжануда.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман болады.

Павлодар облысының солтүстік-батысында күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Өңірдің солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшпен жел тұрады.