ШҚО-да тұман түседі

307
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін фронталды бөліктердің әсерінен оңтүстікте, оңтүстік-батыста кей жерлерде жаңбыр немесе қар жауады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықта – қылаулап қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Еліміздің қалған бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Синоптиктер болжамынша, Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсуі ықтимал, Ақмола облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын соғады.