ШҚО-да тұман түсу күтіледі

338
көрілім

Дүйсенбі күні республиканың бірқатар аумағында тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклондар әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен батысында күн райы ашық болмақ. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
ШҚО, Қостанай және Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі күтіліп, күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.