ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

349
көрілім
Шартты фотосурет

Антициклон әлі де республиканың батыс жартысына ықпал етуінен көптеген өңірлерінде жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің шығыс аумағында циклон және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр болып, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында - жел күшейеді, оңтүстік-батысында - шаңды дауыл соғып, солтүстігінде - көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, тұман күтіледі.