ШҚО-да тұман түсуі күтіледі

365
көрілім
Шартты фотосурет

Мамырдың 21-і күні республика аумағында ауа райы құбылмалы болады. Көп жерлерде қатты жел тұрып, бірқатар өңірлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер ШҚО-ның кей өңірлерінде жел екпіні үдеп, тұман түседі деп болжауда. Бірқатар аумақтарда бұршақ жаууы да ықтимал.

СҚО-ның кей жерлерінде қатты жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде бірқатар өңірде желдің күші секундына 15-20 м/с, күндіз де солай, екпіні 23 метрге дейін барады. Қостанай, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауады.