ШҚО-да тұман түсуі күтілуде

335
көрілім

Ел аумағының басым бөлігінің ауа райы әлі де антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.