ШҚО-да тұрғын саны азайған ауылдар жойылуда

420
көрілім

ШҚО Қоғамдық кеңесінің отырысында облыстың әкімшілік-территориалдық құрылымы талқыланды. Кеңес мүшелері саны 50 адамнан төмен тұрғыны бар елді мекендердің болашағы жайлы сөз етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шемонаиха, Көкпекті, Күршім аудандарындағы бірнеше ауылдың ешқандай әлеуметтік инфрақұрылымы мен экономикалық белсенділігі, өндіріс орындары жоқ болғандықтан келешегі бұлыңғыр.

Шешім бойынша Көкпекті ауданындағы Кіші Бөкен (3 адам) және Комсомол (18 адам) ауылдары Егінбұлақ, Үкіліқыз елді мекендеріне қосылады.

Сонымен қатар Шемонаиха ауданының құрамынан Садовое ауылы шығарылады. Ал оның 22 тұрғыны ауылдық округтің орталығы Октябрьский ауылына көшірілмек.

Мұндай күйге Күршім ауданындағы бес ауылдың тұрғындары түскен. Ендігі уақытта Алтай ауылы Ақбұлаққа, Тентек ауылы Марқакөлге қосылады. Жылытаулықтар болса алда Қалғұты ауылының тұрғындары болмақ. Осы сияқты Қарабұлақ Қайнар ауылына, Діңгек аудан орталығының құрамына кіреді.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ