ШҚО-да түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын «Әртүрліліктегі бірлік» жобасы іске асырылуда

123
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық Достық үйі «Әртүрліліктегі бірлік» жобасын іске асыра бастады.

ШҚО Риддер қалалық Достық үйі «Әртүрліліктегі бірлік» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, мәдениеті таныстырылады.

«Жоба аясында қалалық Достық үйіне Риддердегі мектептердің оқушылары экскурсияға келді. Балалар этникалық алуан түрлілік әлеміне енді. Олар түрлі-түсті тақырыптық безендірілген этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барды. Қазақстан аумағында тұратын әрбір этностың салт-дәстүрлері мен рухани мұралары туралы көптеген қызықты ақпарат алды», - делінген Достық үйі өкілдері таратқан ақпаратта.

Шара барысында қонақтар «Шеберлер қаласы» студиясының және «Звездочка» театр студиясының жұмысымен танысты. Содан соң шағын театр қойылымының қатысушылары болып, өз өнерлерін көрсетті.

«Экскурсия керемет өтті. Өте жылы атмосфера болды. Алдағы уақытта Достық үйі бізді тағы да шақырады деп үміттенемін», - деп өз әсерімен бөлісті №5 орта мектеп оқушыларының бірі.