ШҚО-да түрме қызметкерлері Жеңіс күніне орай 77 шар ұшырды

486
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимді колония қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысқан өздерінің аталары мен арғы аталарын еске алып, әуеге шарларды ұшырды.
ШҚО бойынша ҚАЖД баспсөз қызметінің мәліметінше, қатаң режимді колонияның қызметкерлері игі дәстүрге айналған Жеңіс күнінің 77 жылдығына арнап, тамаша әрі әсерлі көрініс ұйымдастырды.

Олар бейбітшілік пен Жеңіс күннің біздің халқымыздың өмірінде алатын ұлы рөлін еске түсіретін жақсы үрдіске айналған, Жеңіс пен бейбітшілік белгісі ретінде аспанға 77 әуе шарларын ұшырды. Осылайша, жеке құрам ата-бабаларына осы өмірі үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін алғыстарын білдірді.

Қызметкерлер бейбітшілік көгершінінің бейнесіндегі, әрбірінің ішіне өздерінің аталары мен арғы аталарының есімдері жазылған қағаздары бар 77 символдық ақ шарды аспанға ұшырды.

Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінен бері неше ондаған жылдар өтсе де, 9 мамырды мерекелеу қарсаңында өз өмірінің құнымен қан майданда қан төккен қаһарман аталарымызға, бейбітшілік үшін, өмір үшін, Жеңіс үшін тағы да бір мың алғыс айтамыз.

-Соғыстың суық аты тимеген бірде бір жанұя жоқ шығар. Мереке қарсаңында біз, пенитенциарлық жүйесі қызметкерлері аталарымыз бен арғы аталарымыздың бүгінгі өміріміз үшін төлеген ең қымбат өмір бағасын ешқашан ұмытпауымыз керек. Біздің де туыстарымыз да Ұлы Отан соғысына қатысқан. Солардың бірі менің атам – Байгокшинов Калел болатын, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/14 мекемесі бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

- Бүгін, әуеге әсем шарларды ұшыра отырып, мен атамды есіме алдым. Жалғыз атамды ғана емес, өзім көрмеген арғы атам Жарылгасинов Кайсаны да, және Осы Жеңісті сыйлаған тағы басқа мыңдаған жандарды еске алып, басымды иемін, - деп жалғастырды сөзін ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/14 мекемесі бастығының орынбасары Айдын Қалелов.