ШҚО-да тыл ардагерлері марапатталды

725
көрілім

Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне «AMANAT» партиясының атынан құрмет көрсетіліп, сый-сыяпаттар табысталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мерекеге орай облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, партия мүшелерінің қатысуымен 380-нен астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда тер төккен тұрғындар марапатқа ие болды. Соның бірі Самар ауданының тумасы Жазира Мергенчинова. Үйіне арнайы барған жауапты тұлғалар кейуанаға жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.

- 9 мамыр – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларына бақ-береке тілейміз,- деді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.