ШҚО-да ҰБТ-ға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметкерлері қатысады

331
көрілім

ШҚО-да 16-20 қаңтар аралығынды Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Тестілеу бес күн ішінде Өскемен, Семей қалаларында, Күршім, Үржар, Аягөз, Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай және Көкпекті аудандарында өткізіледі.

- Емтихан кезінде оқушылардың артық заттар қолданбауын қамтамасыз ететін бақылаушы ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметкерлері, «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері қатысады, - деп хабарлады ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.