ШҚО-да учаскелік полицейлер жетіспейді

1083
көрілім

Бұл жайлы облыстық прокуратурада өткен жиында кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық қол тигізбеушілік бойынша өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыста кәмелеттік жасқа толмағандарға көрсетілер зорлық-зомбылық әрекеттері әлі тиылмай тұр. Прокуратура өкілдері осыған қатысты статистиканы келтіре отырып, негізгі себептерінің біріне тоқталды. ШҚО Прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасының аға прокуроры Азамат Оспановтың айтуынша, кей өңірлерде учаскелік полицей жетіспейді.
- Осыған қатысты түрлі алдын алу шаралары жүргізіліп жатқандығына қарамастан жағдай әлі түзеле қойған жоқ. Күрделі мәселелерді шешудің бір тетігі - әлеуметтік желінің еншісінде. Осы бағытта жүйелі шаралар қабылдануы тиіс. Қылмыс өршімес үшін тәртіп сақшылары мен құқық қорғау органдары өкілдерінің жұмысы ұдайы бақылауда тұрады. Облыста учаскелік полицейлердің жетіспеушілігі байқалады. Бір жағынан, қазір осы бағытты таңдап, жұмысқа тұрып жатқандар көп емес. Айта кетерлік жайт, аудан, ауылдарда бұл жағы бірқалыпты. Есесіне, Семей мен Өскемен қалаларында учаскелік полицейлер жетіспеушілік мәселесі бар, - деді Азамат Ғалымұлы.