ШҚО-да Ұлттық  ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс берді

419
көрілім

Өскеменде  Ұлттық ұланның  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты.
Өз таңдауын бірінші болып ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалин және жедел мақсаттағы 2 ротаның мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Сұлтан Асаубаев жасады. Ол Орал қаласынан шақырылған.


Сарбаздар сайлауға алғаш ретқатысып отыр, өйткені олардың жасы 18-19-да.
Айта кетсек, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады. Осыдан екі күн бұрын Өскемен қаласының 5518 әскери бөліміне жаңадан жас сарбаздар келді. Оларға әскери бөлімнің аумағындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысу құқығы беріледі.