ШҚО-да Үржар ауданында идеологиялық керуен жұмысын бастады

709
көрілім

Үржар ауданында идеологиялық керуен жұмысын бастады. Ол аудан әкімі С.Зайнулдинның тапсырмасына сәйкес, аудандық бөлімдер өкілдерінен құрылған деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Аталмыш керуен елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және ауыл тұрғындарын бағасы төмен халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бүгінде идеологиялық керуен Салқынбел ауылдық округінің Тасбұлақ және Қарабұйрат ауылдарына, сондай-ақ, Қарабұлақ ауылдық округінің Барлық Арасан ауылына барып қайтты.

Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекет саясатының басым бағыттары насихатталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы ауыл тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынса, денешынықтыру және спорт бөлімі спорттық шаралар ұйымдастырды.