ШҚО-да үш күннің ішінде 40-тан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған

254
көрілім

Полиция қызметкерлері 1 және 5 маусым аралығында жүргізіліп жатқан «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шараларының нәтижесімен бөлісті. Үш күн арасында мыңнан аса адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


- Жол патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты қатты асырғандықтары үшін 359 жүргізушіні тіркеген. 18 көлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 43 адам көлікті мас күйде жүргізгендері үшін әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


  Одан басқа шара нәтижесінде 56 қылмыс ашылып, алты адам есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталып, іздеуде жүрген үш адам анықталды. 700 грамнан астам есірткі тәркіленді.