ШҚО-да үш сутенер тіркеуге алынды

357
көрілім

Аймақта «Стоп-трафик» жедел алдын-алу шаралары 23 жезөкше мен үш «жеңгетайды» анықтаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Стоп-трафик» жедел алдын-алу шаралары 28-30 мамыр аралығында өткен болатын.

Үш адам «сутенер» санатында арнайы есепке алынды, - деп хабарлады Полиция департаменті. - Бұған қоса ақылы қызмет көрсететін 23 адам анықталды.

Осының салдарынан саунада әкімші болған 33 жастағы Семей қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.