ШҚО-да үздік әлеуметтік жоба авторлары марапатталды

163
көрілім

Бүгін ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биылғы жылдың тамыз айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты байқаудың облыстық кезеңі өткізілген болатын.

– Елімізде «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы жыл сайын өткізіліп отырады. Соған байланысты біздің облысымызда да іріктеулер өтті. Осы жобаға 13 жұмыс келіп түсті. Соның ішінен 4 жобаны іріктеп алып, республикаға жібердік. Байқаудың қорытындысы бойынша жолдаған жұмыстарымыздың екеуі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хатымен марапатталды, – деді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Ошақбаев.

Алғыс хат иеленгендер Жансая Мұстабекова мен Лилие Мамбурова болды. Аталмыш байқаудың мақсаты – өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл жобаларды анықтау. Айта кетейік, шараның өтуіне «Nur Otan» партиясы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мұрындық болған.