ШҚО-да жалпыұлттық телекөпір барысында Индустрияландыру картасына енгізілген екі жоба ұсынылды

385
көрілім

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Елдің жаңа индустриализациясы: қазақстанбарысының секірісі» дәстүрлі жалпыұлттық телекөпірге қатысты. Іс-шара аясында Индустрияландыру картасына енген облыстың 2 жобасы таныстырылды.

Мемлекет басышысы Нұрсұлтан Назарбаевтың телекөпір барысында ашқан Шығыс Қазақстандағы бірінші нысан – Малеевский кенішінің операциялық қызметін автоматтандыру жобасы. «Казцинк ЖШС-нің бас директорының айтуынша, өндірісте 7 инновациялық жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Инвестицияның жалпы көлемі 12 миллиард теңгені құрайды.

Аталған жобаны іске асыру жедел байланыс арқылы кеніштегі басқарушылық бақылаудың, сондай-ақ жұмыс туралы және дәл қазіргі уақыт режимінде тұрған жерасты құрылғыларының істен шығуы туралы уақытылы және нақты ақпарат алудың деңгейін көтереді.

Индустрияландыру күнінің аясында «Восток-Молоко» ЖШС-нің сүтті қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық жабдықты орнату арқылы сүт кешенін жаңғырту жобасы іске қосылды. Соның нәтижесінде жобаның қуаттылығы жылына 55% -ға артып, жылына 40 000 тоннаға жетті және сүт өнімдерінің сұрыпталым атаулары 70-ке дейін өсті. Кәсіпорын инженерлік-техникалық және өндірістік жұмысшылармен жасақталып, 1500-ден астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларының Шығыс Қазақстан облысында табысты іске асырылып жатқандығын айта кету керек. 967 млрд. теңгеден астам сомаға Кәсіпкерлікті қолдау картасына 79 инвестициялық жоба енгізілді. Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, экономиканың өңдеуші және өңдірістік салаларын дамытуға басты назар аударылған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасындағы 381,4 млрд. Теңгелік, 1,8 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 6 жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: altaynews.kz