ШҚО-да жанармай қымбаттады

259
көрілім

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сұйық отынға акциздер 2,5 есе өсті. Бұл бүкіл республика бойынша бензин бағасының қымбаттауына себеп болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО-да жылдың алғашқы айы бастала салысымен жанармай бағасы үш-төрт теңгеге өсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында ҚР Энергетика министрі Әсет Мағауов бағаның 10 теңгеге дейін қымбаттайтыны туралы ескерткен болатын.