ШҚО-да жаңбыр күтіледі

365
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен бірқатар аймақтарда жауын болмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, жауын-шашын болуы ықтимал.