ШҚО-да жаңбыр жауады

338
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін еліміздің шығысы мен солтүстігінде нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі.

Күндіз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады деп болжануда.