ШҚО-да жаңбыр жаууы күтіледі

430
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің солтүстік-шығысы мен орталығына антициклон жотасы әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, түнде солтүстік-шығыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.